Ақтөбеде «More Life» ісі бойынша сот басталды
Ақтөбе қаласының №2 сотына "MoreLife” фондының директорына қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс түскен. 7 жәбірленушіге 43 млн теңгеге материалдық шығын келтірілген. Зардап шеккендердің барлығы да мүгедек бала тәрбилеп отыр. Сәбиінің құлан-таза айығуын тілеп, қордан үмітті болғандардың арасында Альмира Аманғосова да бар. Шырылдаған ана тірнектеп жиған 5,5 млн теңгесін де қорға салып жіберген. Жәбірленушінің 4 жастағы сәбиі ауыр дертке ұшыраған. Осы қорға үміттеніп өз қаражатымды да қосып едім. Үмітіме су сепкендей болды,-деп өкінеді әйел. Бізді ұзақ уақыт бойы бос уәдемен алдап жүрді. Халықтан жиналған ақша баланың еміне емес, біреудің қалтасына кетті-,-дейді ол.Айыпталушының үстінен 7 адам арызданған. Олардың айтуынша, қор құрылтайшысы ауыр дертке шалдыққан балалардың емделуіне қаражат жинауға көмектесеміз деген желеумен ақшаны қалтасына басқан. Зардап шеккендердің дені көпбалалы, әлеуметтік осал топтағы жандар. Ашынған аналар бүгін әділдік талап етіп, сотқа келді. Алайда айыпталушы қз кінәсін мойындар емес. Процесс кезінде шу шығарып, құқық қорғау органдарына қарсылық көрсетті. Келесі сот отырысы 11- қыркүйекке белгіленді.Количество показов: 249
Дата создания: 03.09.2024 09:18:37