Ақтөбеде күнбағыс майы мен тауық еті қымбаттады.
Апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының бағасы жаңарып тұрады. Облыстық статистика департаменті мамандарының дерегіне сүйенсек, бұл аптада күнбағыс майы мен тауықтың сан еті қымбаттаған. Мәселен дүкен сөрелерінде шемішке майының 1 литрі 543 теңгеден басталады. Ал, тауықтың саны 1,8 % - ға өсті.Ет, сүт өнімдерінің бағасы қымбаттағанын тұрғындар да растап отыр. Айтуларынша, күн сайын баға өсіп, жаңарып тұрады. 1 айлық жалақылары тапқан- таянғандарынан артылмайды.Осы аптада көкөністердің ішінде қырыққабат пен бірінші сұрыпты бидай ұнының бағасы сәл түскен. Мәселен, дүкен сөрелерінде қырыққабаттың келісі 152 теңгеден саудаланып жатыр. Сондай - ақ, құмшекердің бағасы 2,1 % - ға арзандап отыр.Количество показов: 411
Дата создания: 17.11.2023 00:14:53