Ақтөбеде көлік салығын төлемей, жалтарып жүргендер көп
Статистикаға сүйенсек, биыл 3500 - ден астам жүргізуші уақытында көлік салығын төлемеген. Берешек сомас Биыл 1 сәуір күні автокөлік құралдарына төленетін салық мерзімі аяқталған болатын. Алайда, ақтөбелік көлік жүргізушілері арасында салғырттық танытып, уақытында көлік салығын төлемегендер де бар. Бүгінде көлік салығын уақытылы өтемеген 3503 борышкер бар. Берешек көлемі 369 млн 342 мың теңгені құрайды.Осыған орай бүгін полиция департаменті мен жеке сот орындаушылары рейдтік жұмыстар жүргізді. Арнайы құрылғының көмегімен салық төлемеген көлік жүргізушілерін ұстап, автокөліктерін айыппұл тұрағына апарды. Айта кетейік, жеке тұлғаның берешегі туралы мәліметті "Е - Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы білуге болады. Немесе Маресьев 97 көшесінде орналасқан қалалық мемлекеттік кірістер басқармасынан анықтауға болады.ы 370 млн теңгеден асып кетіп отыр.Количество показов: 350
Дата создания: 28.06.2024 09:27:36