Ақтөбеде ерлі-зайыптыны қағып өлтірген полицейге сот үкімі шықты
Ақтөбеде екі адамның өмірін жалмаған полиция қызметкері сотталды. Қанды оқиға биыл 23-шілдеде орын алған болатын. Жазғы түнде қонақтан шығып, велосипедпен жолдың жиегімен жүріп келе жатқан ерлі-зайыптыны жүйіткіп келе жатқан көлік қағады. Қос адамды сұлатып,оқиға орнынан ізін суытады. Екі адам сол жерде тіл тартпастан көз жұмды. «Kia Sportage» автокөлігінің рөлінде 34 жастағы полиция қызметкері болған. Кейін сот медициналық сараптама оның мас болғанын, әрі сағатына 121 шақырым жылдамдықпен жүргенін анықтады. Полиция қызметкері жәбірленушілерді сол күйінде тастап, оқиға болған жерден кетіп қалған. Сот үкімімен Азамат Симанов айыпты деп танылды. Сондай-ақ, сотталушы Қылмыстық кодекстің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес полиция майоры шенінен айырылды. Тараптар апелляциялық шағым түсірмек. Айта кетейік, марқұм болған ерлі-зайыптылардың артында екі сәбиі қалды. Мас жүргізушінің кесірінен жетім қалған сәбилердің жасы небары 3 пен 4 те.Количество показов: 290
Дата создания: 12.12.2024 10:39:56