Ақтөбеде екі бала мектепке барған жоқ
Ақтөбеде екі бала мектепке бара алмай отыр. Бұл дерек облыстық ішкі істер департаменті жүргізген рейд барысында анықталды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жеті жастағы ұл баланың биыл мектепке бармағанын білді. Оның 27 жастағы анасы ішімдікке салынған. Ұлының тәрбиесімен мүлдем айналыспаған. Маскүнем әйел есепке алынды. Оны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр. Сонымен қатар түнде көңіл көтеру орнында жүрген жасөспірімдер анықталды. Жеті жасөспірім мас күйінде қоғамдық орында жүргені үшін жауапқа тартылған. Қаір облыста 576 жасөспірім және 558 отбасы тіркеуде тұр.
Количество показов: 2630
Дата создания: 06.09.2012 19:05:30