Ақтөбеде дәрігерлер жетіспейді
Дәрігерлер қатары сиреп бара жатыр. Қызмет етіп жүрген ақ халаттылардың 14 пайызы- зейнеткерлік жасына таяп қалғандар, 50 пайызының жасы 50-ден асқандар. Бірер жылдан кейін адам емдейтін дәрігер таппай қаламыз деп дабыл қаққан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қайрат Сабыр М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің түлектеріне қаладағы, шалғайдағы ауруханалардан жұмыс ұсыну керектігін айтты. Түлектердің ауылдық жерде тұрақтамайтынын басқарманың бөлім бастығы Гүлбаршын Есенбаева кейбір аудандарда жас маманға көтерме ақы берілмейтінімен, баспанамен қамтылмайтындығымен түсіндірді. Ауыл тұрмақ, қаладағы емханалар да дәрігерлерден тарығып отыр. Мысалы,облыстық жедел жәрдем ауруханасына 8 дәрігер қажет. Облыстың бас дәрігері Қайрат Сабырдың өзі бұған таңданыс білдірді. "Бұрын бұл медициналық мекемеге жұмысқа тұру үшін жыл сайын 50 адам кезекке тұратын" деді отырыс кезінде. Қазір емдеу мекемесінде 158 дәрігер қызмет етеді. Облыс бойынша терапевт, неонатолог, анестизиолог,реаниматолог жетіспейді. Дәрігерлер саны жыл басынан бері 15 адамға кеміген. Ойыл мен Ырғыз - ақ халаттылары аз аудандардың санатында. Облыс бойынша бүгінде 2867 дәрігер, 5547 орта буын медициналық қызметкер еңбек етіп жүр. |
Количество показов: 2784
Дата создания: 16.04.2013 18:45:22