Ақтөбеде балаларға арналған "Ерте қолдау" орталығы ашылды
Бүгін қаламызда балаларды ерте жастан қолдау қызметі ашылды. "Дара" қайырымдылық қоры мен "Шеврон" компаниясының қолдауымен ашылған орталық психикалылық дамуы тежелген немесе сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге арналған. Мұнда 3 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Мамандар баламен де, ата-анамен де жұмыс істейді. Ерте қолдау қызметі балаға қалай көмектесе алады? Жазира Лекерова ерекше бала тәрбиелеп отырған ана, 3 жастағы баласын осы орталыққа әкеліп ем алады. Орталыққа келіп жүргеніне 6 ай болыпты, қазіргі таңда баламнан оң нәтижелер көрудемін,- дейді Жазира. Перзентінің саулығын тілеген ана үшін бұл орталықтың берері мол."Ерте қолдау қызметі" кабинетінде арнайы оқыту курсынан өткен білікті педагогтар балаларға 3-6 ай аралығында тегін көмек көрсетеді. Ата-аналарға үй жағдайында баланы түзету, дамыту дағдылары үйретіледі. Баланың даму деңгейі бақылауда. Курс сайын скринингтік тексеріс жасалады. Қазіргі таңда жоба еліміздің 11 өңірінде 17 түзету кабинетінің базасында ашылып жатыр.Количество показов: 325
Дата создания: 21.08.2024 09:33:14