Ақтөбеде "Аялы әже" форумы өтті
Әже дегенде көз алдыңа бірден ақжаулықты, қолындағы ұршығы бар, жүзі мейрімге толы абзал жан келеді. Түбіндегі білеу-білеу, жуан-жіңішке алақан секілді тамырдан күн шуағындай шалқыған күлкіні, әдемі тірлікті көргендей боласың. Бұл бұрынғы заманның әжелері. Олардың қатарын заманауи әжелер басып келеді. Зейнетке шықса да, олар қоғамдық өмірге араласып, ән айтып, қолөнермен айналысып, пайдалы істерді тындырғанды таңдайды. Форумда белсенді әжелер бас қосты. Төлебике әженің жасы 70 те. Теледидар қарап, ұялы телефонмен әңгіме айтып уақытымды құр өткізуден аулақпын, деп бөліседі қария. Он саусағынан өнер тамған шебер. Жүннен жіп иіріп, одан түрлі бұйымдар мен киім-кешек тоқиды. Тапсырыс қабылдап, жәрмеңкелерде өнімін сатады. Сүйікті ісімен зейнетке шыққалы айналысып жүргенін айтады. Төлебике әже осылайша немерелеріне үлгі болмақ. Тәрбие діңгегі-әжеден басталады деген пікірде. Иә, әже деген алып тұлға! Ол- ұлт тәрбиесінің ұйытқысы, ұрпақ саулығының діңгегі. Әже тәрбиесін көріп өскен бала тұлға болатынын ғалымдар да дәлелдеген. Мәселен, Зередей зерделі әжеден аңыз әңгімелер мен жыр-дастандарды тыңдап өскен Абай ұлы ақынға айналса, Айғанымдай әженің өнегесін көріп, тәрбиесін алған Шоқанның шоқтығы биік болды. Ал заңғар жазушы Нерхан Мұртазаға әжесі Айша қасиетті құндылықтарды сіңірген. Бүгінгі форумның мақсаты да осы. Әжелер мектебін жаңғырту, ұлт пен ұрпақ тәрбиесіне осылайша қоғамның назарын аударту.Количество показов: 45
Дата создания: 26.12.2024 07:30:03