Ақтөбеде ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірім баспаналы болды
Вячеслав Галадий "Жайсаң" арнайы білім беру ұйымының түлегі. Өзі спортқа бейім. Түрлі додаларда бақ сынап, жүлделі орындарды иеленген. Биыл жас түлек оқуын тәмамдаған соң, Жайсаң көпсалалы колледжіне түсіп, дәнекерлеуші мамандығын игеріп шықпақ. Жастайынан ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімге бүгін 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Енді оның өз баспанасы бар. Әйтсе де Вячеслав әзір мұнда тұрмайды, өйткені сабағы бар. Мәселені интернат басшысы өз бақылауына алмақ. Ол жасөспірімнің пәтерін уақытша жалға беріп, түскен ақшасын депозитке жинамақ. 3 жылдан соң әр тиынын санап, Вячеславқа дипломымен бірге ұстатамын,-деп отыр. Өйткені, оған қазір мамандық игеру керек. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған баланың қуанышында шек жоқ. Ол енді өз болашағынан қорықпайды. Ендігі мақсаты дипломы бар маман болу. Сыйға тартылған 2 бөлмелі пәтер Тургенев көшесінде орналасқан. Аумағы 56 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй жиһаздармен, әрі тұрмыстық техникалармен жабдықталған. Онымен қоса облыстық білім басқармасы атынан Вячеслав Галадийге жаңа теледидар табыс етілді.Айта кетейік, "Жайсаң" арнайы білім беру ұйымында 102 жетім және зерде бұзылыстары бар балалар білім алады. Оларды қадағалап, бақылап отыратын қорғаныш қамқоршылары бар.Количество показов: 349
Дата создания: 01.06.2024 07:22:00