Ақтөбеде апатты теректерді кесу жұмыстары жүріп жатыр
Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы талдардың өсіп кеткен жапырақтары қырқылып жатыр. Бұл жұмыстармен "Өтес" ЖШС айналысуда. Ол үшін қалалық бюджеттен 70 млн теңге бөлінген.Астана ауданы әкімдігі қаладағы жол бойында өсіп тұрған ағаштардың да артық бұтақтары кесілетінін жеткізді. Астана аудандық әкімдігіне полиция департаментінен хат түскен. Онда көше жиегінде өсіп тұрған ағаштардың кейбір бейнекамералардың жұмыс істеуіне кедергі болып тұрғандығы жазылған. Сондықтан жол қозғалысы ережесінде көрсетілгендей, қауіпсіздік шараларын ескеріп, шешім қабылдадық,- дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Әлімбек Бектеміров.
Количество показов: 299
Дата создания: 30.05.2024 06:24:40