Ақтөбеде анасы мен баласын көлік қағып,салдарынан 3 жасар сәби көз жұмды
Сүт зауыты ауданындағы Оңтүстік айналма жолда Газель автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде екі жаяу жүргінші қағып кетті. Зардап шеккен анасы мен үш жастағы қыз бала. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 жасар сәби қаза тапты. Жас келіншектің жағдайы ауыр, ол ауруханаға жеткізілген. Адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 18 жастағы көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыста жыл басынан бері 667 жол апаты болған. Одан 1000 ға жуық адам зардап шегіп, 111 і қаза тапты. Жол көлік оқиғаларының негізгі себептері-жүйткіп жүру, қарсы бағытқа шығып кету мен маневрды дұрыс жасамау,-дейді полицейлер. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.Количество показов: 274
Дата создания: 12.09.2024 07:42:31