Ақтөбеде ақындар дуэльге шықты
Республикалық «Жыр жауһары» атты жас жазба ақындар арасында поэтикалық дуэль биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Алда дәстүрге айналмақ. Ақындар дуэлінде сегіз қаладан келген 12 ақын жыр оқыды. Жалпы шара сөз өнерін қолдау, әрі жастар шығармашылығын насихаттау мақсатында өтіп отыр. Поэтикалық дуэльде Астана, Түркістан, Жезқазған, Қызылорда, Семей, Атырау, Орал, Шымкент пен Ақтөбе қалаларының ақындары бақ сынасты. Қатысушылардың жасы 35 тен аспайды. Олар үш кезең бойынша сайысты. Алғашқысы -Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арнау. Екінші кезеңде еркін тақырыпқа рұқсат. Ал "Жастар жырлайды" турында патриоттық тақырыптағы өлең оқу шарт.Қазылар алқасы ақынның сөз тапқырлығы, өлең мағынасының тереңдігі мен шумақ ұйқасының күрделілігіне назар аударады. Тақырыптың қаншалықты ашылғаны да басты назарда. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар бар. Сондай-ақ, шаһарамыздың 155 жылдығына орай статуэтка тартылмақ.Количество показов: 299
Дата создания: 30.05.2024 06:21:45