Ақтөбеде -2 градусқа дейін төмендейді
Синоптиктердің болжамынша келесі аптада күн қайта жылиды. 7-ші қыркүйектен бастап облыс аумағында +25,28 градус ыстық күтіледі. Дегенмен бесінші қыркүйекте -2 градус үскірік болады. Жауын-шашынға толы болмағанымен, сынап бағанасы кешеден бері +10 градусты көрсетуде. Облыстық "Қазгидромет" мекемесіндегі синоптик мамандар 5-ші қыркүйекке -2 градус үскірікті болжады. Күзгі суық күндер синоптиктердің болжауынша, қазан айынан басталады. Дегенмен, ертеңгі болатын үскірік бау-бақша өніміне зиянын тигізбесе болғаны. |
Количество показов: 2939
Дата создания: 03.09.2012 19:21:42