Ақтөбеде 12 сақалды құрылыс бар
Бүгін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Аймақта құрылыс саласындағы заң бұзушылықтар анықталып, 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылған. Кәсіпкерлерге 48 млн 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Оның 43 млн теңгеден астамы өндірілген. Ал, шаһарда сақалды құрылыс саны - 12. Екеуі сүрілген. 5 нысан пайдалануға беріліпті. Былтыр 2000-ға жуық құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Қатарында тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау нысандары, автомобиль және теміржол жолдары, коммуналдық, инженерлік желілер, қоғамдық нысандар бар. Кәсіпкерлер арасында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзғандар да аз емес. Әкімшілік шара қолданған. 15 құрылыс ұйымына 8 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.Облыстық мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы мамандарымен 61 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Құрылыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында. Тексеру нәтижесінде 50-ге жуық нұсқама берілген.
Количество показов: 271
Дата создания: 13.02.2025 07:01:59