Ақтөбе жылыту маусымына дайын ба?
Бұл Жанқожа батыр көшесінде орналасқан №5 ші үй. Ғимарат қысқы жылыту маусымына дайын. Пысық төрайым жертөледегі құбырлардың жыртығы жамалып, бұрандалары алмастырылып, тіпті құбырларды сырлап та қойыпты. Бұл үйдің өндірістік немесе техникалық мәселелерін шешетін екі қызметкер бар екен. Екеуінің де іске жауапкершілігі жоғары,-дейді төрайым. Біз қазір Жаңқожа батыр 5 мекенжайында тұрмыз. Менің қарамағымда 5 көп пәтерлі үй бар. Мен жылыту маусымына сәуір айында кірістім. Мамыр айында барлық үйлер тексеруден өтіп, дайындық паспорттарын алдым. Жертөледе ағымдағы жөндеу, бұрандаларды ауыстыру, құбырларды тазарту жұмыстары жүргізілді. Коммуналдық берешегіміз жоқ. Тұрғындардың 99 пайызы белсенді деуге болады.Тозығы жеткен жертөле, тесік құбыр немесе жылу мен ыстық судың қысымының төмендігі. Мұндай мәселелер жеткілікті. Алайда үйдің басқарушы ұйымы бұл сұрақтарды шеше алады. "№3" мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрайымы Зейнегүл Сейітова жайбарақат жүретін тұрғындарға таң. Коммуналдық қызмет үшін айлап төлемейтіндері бар. Үйді күтіп ұстау үшін техникалық төлемді мүлдем бермейтіндері де жоқ емес. Қала бойынша жылу құбырларын ретке келтіру, жылу қазандығын дайындау жұмыстары толық аяқталуға жақын. Көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындық паспорттары түгенделіп жатыр. Жертөлені күтіп ұстау, тазалығы, инженерлік жүйелерді қыс маусымына дайындау жұмыстары бойынша тексеріс басталды. Ақтөбеде 1831 көп пәтерлі үй бар. Оның 1500 ден астамын Ақтөбе су энерджи групп мекемесінің орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Ал 336 көп пәтерлі үй автономды жылытылады. Қалада 125 жылыту қазандығы бар. Оның 27 сі Ақтөбе су энерджи АҚ балансында. Жауапты мамандардың айтуынша қазір 98 қазандықтың 92 сі дайын. Қалған алтауы ағымдағы жөндеуден өтуі тиіс. Мамандар биыл жылумен проблема болмайды,-деп сендіруде.
Количество показов: 312
Дата создания: 18.07.2024 05:40:16