Ақтөбе жылу маусымына 80 пайыз дайын
Қала жылу маусымына 80 пайызға дайын. Биыл қаладағы 8,71 шақырым жылу желісі жаңасына өзгертіледі. Ескі жылу жүйелерін ауыстыру үшін биыл республикалық бюджеттен 800 млн теңге бөлінген. Қосымша монополист компанияның өзі жылу құбырларын жаңартуға 245 млн теңге тапты. Жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін толықтай аяқталуы тиіс. Сондай-ақ 79 элеватор торабы ағымдағы жөндеуден өткен. "Трансэнерго" АҚ-ның мәліметіне сәйкес, қаладағы 32 орта мектеп пен 9 мектепке дейінгі ұйым, 2 медициналық мекеме жылу маусымына толықтай дайын. Бүгінде дайындық құжаттарын көпқабатты тұрғын үйлер де алуда. Қыркүйек айында "Трансэнерго» мекемесі жылу-электр орталығымен бірігіп, қаладағы құбырларға гидравликалық тексеру жүргізбек. Яғни, магистральді желілерге атмосфералық қысыммен тексеру өтеді. Сол сияқты 19 қазандық пен 6 сорғы құрылғылары қазір жылу беруге дайын тұр. Биыл жылдағы дәстүр бойынша жылу беру маусымы 1 қазаннан басталады. Бірінші кезекте жылу әлеуметтік нысандар - балабақшалар мен мектептер, медициналық мекемелерге беріледі. Ал тұрғын үйлерге жылу 15 қазаннан бастап жіберіледі. Жылудың бағасы биылғы маусымда көтерілмейді. |
Количество показов: 2276
Дата создания: 28.08.2013 18:40:49