Ақтөбе радиосы 16 жаста
Атқарушы директор Сергей Довгалюк атап өткеніндей, радиода кері байланыс желісі жақсы дамыған. Тыңдармандар күніне бірнеше мәрте телефон арқылы тікелей эфирге шығып, қала жолдарындағы ахуал туралы мәлімет бере алады, жақын-жуықтарына сәлем жолдап, қуанышты сәттерімен бөліседі. Қазақ тілінде шығатын "Сазды сәлем", "Ақындар алаңы", "13-раунд" бағдарламаларының рейтингі жоғары. Радионың жаңалықтар қызметі тәулігіне 10 рет қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады. Журналист Жанар Чапаева жаңалықтар мәтінін өзі дайындап, өзі оқиды. Радиоға келген бір жылдың ішінде шапшаңдық, жан-жақтылық секілді радиожурналистке қажет қасиеттерді бойына тез сіңірді. Бүгінгі мерекеге орай радиода "Біз 16 жастамыз" науқаны жарияланды. Радио ұжым күні бойы тыңдарманның құттықтауын қабылдап, ойындар өткізді. Алда тәуелсіздік және жаңа жыл мерекелері. Туған күнін тойлаған "ақтөберадиолықтар" енді сол екі мейрамға дайындалады.
Количество показов: 2116
Дата создания: 08.12.2015 17:58:44