Ақтөбе облысында жолдарды су басты
Облыс бойынша республикалық маңызы бар жолдарда су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 1869 шақырымды құрайды. Жол бойында 108 көпір болса, су өткізгіш құбырлары- 1064 ті құрайды. Соның ішінде су басу қаупі жоғары 32 жер телімі бар.8-наурыз күні "Қандыағаш -Ембі-Шалқар-Ырғыз жолының 194 шақырымында сел суының тасқыны орын алған. Сел суын тоқтатуда арнайы техника жұмылдырып, ақауды тоқтатқан. Қазір алаңдауға негіз жоқ,- дейді мамандар.Қазавтожол қызметкерлерінің айтуынша республикалық маңызы бар жолдарда қазір су кету қаупі төмен. Әйтсе ауа температурасы күрт жылып кеткен жағдайда, техника мен инерттік материалдар дайын. Қазіргі уақытта- 100 шаршы метр-ірі тастар, 300 шаршы метр- қиыршық тас, 2 мыңға жуық тонна- құм мен 5 мың қап материал бар қорда.
Количество показов: 415
Дата создания: 12.03.2024 00:50:58