"Ақтөбе" мен "Генк" арасындағы матчқа билеттер сатыла бастады
Ақтөбелік футбол жанкүйерлері билетке зәру. Жергілікті "Ақтөбе" мен "Генк" арасындағы қарымта матчқа билеттер сатылымға шығарылғанымен, жетпей жатыр . Орталық стадион басшылығы бұл мәселені бірізділікке түсірмейінше, делдалдар билетті қымбаттатып сатуын қоймайды дейді жанкүйерлер. Билеттер екі дүңгіршекте сатылып жатыр. Әрқайсысында үш терезе болғанымен, іштегі екі сатушы үлгермей жатыр. Аптап ыстық, ұзын-сонар кезек, көңілге қонымсыз сервис көпшіліктің наразылығын тудырды. Шаршаған жагнкүйерлердің шыдамы таусылды. Орталық стадионның бас есепшісі Бәтима Нұрхасан билет бәріне де жетеді деп отыр. Қалың көпшіліктің бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес дейді ол. Таңертеңнен бері 1 мен 5 сектор аралығындағы орындар сатылып кеткен. 10,14,15 секторларда орын әлі бар. Ал үлкен сұранысқа ие 3 және 13 секторларға билет алу мүмкін емес. 11 сектордың 300 орны арнайы абоненттері барларға тиесілі. Егер олар келмеген жағдайда, сатылымға шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, " Ақтөбе" қазақстандық командалар арасыннан Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өткен жалғыз футбол клубы. Жанкүйерлердің доданы асыға күтетінін түсінуге болады. "Генк" пен "Ақтөбе" арасындағы алғашқы кездесу 2:1 есебімен бельгиялықтардың жеңісімен аяқталған болатын. Қарымта матчта жергілікті командадан жанкүйерлері тек жеңіс күтеді. Соған сенімді де. |
Количество показов: 2587
Дата создания: 06.08.2012 18:55:33