Ақтөбе халықаралық әуежайында тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті
Бүгін Ақтөбе халықаралық әуежайында тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Іс-шараны облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұйымдастырды. Арнайы қызметтер жабылып, ұшақ апаты бола қалған жағдайда бірлескен іс-қимылдарын пысықтады. Апат айтып келмейді. Сондықтан қандай жағдайға да дайын болған абзал. Бүгін Ақтөбе халықаралық әуежайы аумағында оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған қатысқан арнайы қызметтер ұшақ апаты бола қалған жағдайдағы бірлескен іс-қимылдарын пысықтады. Алдын ала әзірленген оқиға желісі бойынша ЯК-40 ұшағы әуежайға жетпей қала аумағына құлайды. Аэронавигация арқылы әуе кемесінің құлаған жері анықталып, төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарланады. Олар іздестіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды құтқаруға жұмылдырылады.
Айта кетейік, биыл Ақтөбе әуежайында өрт немесе апаттық жағдайлар тіркелмеген. Халықаралық әуежайдың қазіргі орналасқан жері бұрыннан қала тұрғындарының бас ауруына айналған. Әуежай қалаға тым жақын орналасқан, тіпті шаһардың етегі кеңігелі қаланың ішінде қалды десе де артық айтқан емес. Алып боингтар қаланың үстімен әрлі-берлі ұшып жатыр. Біреуінің қанаты қағылар болса, оның соңы неге әкеліп соғары айтуға да қорқынышты.
Количество показов: 893
Дата создания: 10.12.2020 18:14:40
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>