Ақтөбе халықаралық әуежайына Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың есімі берілді
Ақтөбе халықаралық әуежайы "Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы" деп аталатын болды. Ұсыныс былтырдан бері пісіп-жетілді. Әуежай басшылығы ұжымының қолдауымен бастама көтеріп, оны ең алдымен облыс әкімі Оңдасын Оразалинге жеткізген. Аймақ басшысы бірден қосыла кетеді. Әлия Молдағұлова бүтін ұлттың мақтанышы. Қаһарман қазақ қызының символы. Сондықтан батыр қыздың есімін әуежайға беру тарихи дұрыс шешім деп, ақтөбеліктер де бірауыздан қолдады. Әуежай карантиннен кейін қалыпты жұмысына оралды. Ішкі рейстер атқарылып жатыр. Шетелден ұшып келетіндерден ПТР-анықтама талап етіледі. Әуежайда карантиндік бекеттер орналасқан. Күнделікті мониторинг көретіп отырғандай, шетелден келетін жолаушылардың кемінде 30 пайызында ПТР-анықтама болмай шығады немесе мерзімі өтіп кеткен болып шығады. Ондай жағдайда адамдар 3 күн карантинге алынып, қажетті процедуралардан өтеді. Ақтөбеліктер Біріккен Араб әмірлігі, Мысыр, Түркия елдеріне ұшып жүр.
Количество показов: 654
Дата создания: 13.01.2021 17:50:22