"Ақтөбе" ФК бас бапкері Владимир Никитенко жоспарларымен бөлісті
Жаңа басшы жаңашыл ма? Әлде Мұхановтың салған сара жолымен жүре бермек пе? "Ақтөбе" футбол клубының су жаңа бас бапкері Владимир Никитенко бүгін алғаш рет жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбет беріп, командамен жұмысқа қатысты жоспарларымен бөлісті. Соңғы 1 жыл ішінде Қызылорданың "Қайсарын" жаттықтырған Владимир Никитенко тізгінді қолға алды. Мақсаты айқын. Әйтсе де, Лукас Байер мен Климавичустар трансферге қойылған. Олардың командадағы әрі қарайғы тағдыры белгісіз. Бас бапкер де, клубтың президенті де ойыншылар құрамына қатысты ештеңенің түпкілікті шешілмегендігін алға тартады. Тіпті Владимир Никитенко жаттықтыратын футболшыларымен әлі толық танысып та үлгермеген. Ал қазір "Ақтөбе" ФК жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Ойыншыларды тарту жиыны 10 күнге жалғасады.7-қаңтарда олар шетелде алғашқы жиын өткізу үшін Антальяда бас қосады. Клубты наурыз айында ел чемпионаты тосып тұр. |
Количество показов: 2217
Дата создания: 20.12.2012 18:52:56