"Ақтөбе"-"Динамо" кездесуіне 50 украиндық журналист келді
Украинадан Ақтөбеге 200 орындық ұшақ толы келген. Киевтік "Динамо" футбол клубына ере келген 50 адам Украинаның БАҚ өкілдері. Тағы осыншама адам клуб мүшелері. Қалғандары жанкүйерлер. Украиналық спорт журналистерінің сөзінше, бүгінгі ауа райы олардың көңілінен шықты. Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өткен "Ақтөбе" мен киевтік "Динамо" клубтары арасындағы матчты Украинаның 50 журналисі бақылап, ақпарат таратты. Оның 14-і камерасымен жеткен телеарна тілшілері. Әрине бұл жағынан Украинаға тиісті бағасын беруіміз қажет. Киев пен Ақтөбе арасы екі жарым мың шақырым. Бұл қашықтықты кез-келген футбол клубы 50 журналисімен бағындыра алмасы анық. "Динамо" клубы болса қайырымдылықпен айналысып отыр десек те болады. Өйткені клуб сапарларда журналистердің бар шығынын өздері көтереді. Футболшы әртіс. Көрерменсіз олардың ойыны жетім. Осы ретте киевтік "Динамоға" қиынға соғып тұр. Қателік үшін олардың жанкүйерлерінен айрылғаны белгілі. Украинада өтетін матчқа журналистерден басқа ешкім стадионға кіргізілмейді. Бұл шектеудің Ақтөбеден баратын делегацияға қатысы жоқ. |
Количество показов: 1951
Дата создания: 22.08.2013 18:08:39