Ақпан айында облыс тұрғындарына коронавирус індетіне қарсы екпе салу басталады
Бір аптада 80-ге жуық бала дене қызуының көтерілуі мен іш кету секілді ауру белгілерімен ауруханаға қаралған. Облыстың бас дәрігері бұл жеміс-жидектерді жумай жеп, жеке бас гигиенасын сақтамағаннан болуы мүмкін деген болжам айтты.
Сондай-ақ, соңғы тәулікте облыста КВИ бойынша 12, пневмония бойынша 4 жағдай тіркелді. Қазір инфекциялық ауруханада 74, жансақтау бөлімінде 10 науқас ем қабылдауда. Мамандардың мәліметінше, медициналық орталықтарда кереуеттер де, өкпені жасанды желдету аппараттары да жеткілікті. Ал облыстағы 5 зертханада күніге 2400 ПТР- сынамаларын алуға мүмкіндік бар. Айта кетейік, ақпан айында облыс тұрғындарын коронавирус індетіне қарсы вакцинациялау басталады. Екпе алдымен дәрігерлер мен мұғалімдерге салынады. Ерікті түрде, тегін.
Количество показов: 748
Дата создания: 08.01.2021 18:49:28