Ақпан айынан бастап «Aqtobe su-energy group» АҚ тарифі өсуі мүмкін
Елімізде жаңа жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақы көлемі сәл өсті. Сәйкесінше, азық-түлік қымбаттады. Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері де өсіп отыр. Ендігі кезек монополистерде, дейді жұрт. Ақтөбеліктер коммуналдық төлем өседі деген жаңалыққа өкпесін айтып жатыр. Айлығы шайлығынан аспайтын қара халық осы мәселені қадағалаушы табиғи монополияларды реттеу департаментінен шара қолдануды сұрайды. Комуналдық қызмет құны ақпан айынан бастап шынымен де көтерілуі мүмкін. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу департаменті баяндады. Халықтың жалақысының өсуіне байланысты ақпан айында комуналды қызмет бағасын 13-15% өсіру мәселесі қарастырылып жатыр. «Aqtobe su-energy group» АҚ өз өтінімінде жаңа тарифті қолданыстағы тарифтен 13-15 пайызға ұлғайтуды сұраған. Егер жаңа тариф мақұлданса, ол 2024 жылдың ақпан айынан бастап күшіне енеді. Тарифті көтеру қоғамдық тыңдауларда талқыланатын болады.Количество показов: 290
Дата создания: 24.01.2024 20:09:00