АӨМУ келесі жылы 300 орындық жатақхана салады
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде алдағы екі жылда студенттерге арналған 300 орындық жатақхана салынады. Тургенев көшесінде орналасатын студенттер үйінің жобалық-сметалық құжаттары қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. Әзірге студенттер оқу орнының ескі екі жатақханасын паналай тұрады. 3 курс студенттері Айдана Дәуренова мен Тұраш Хамадинова оқуға түскелі бері жатақханада тұрады. Жаңаөзендік бойжеткен Тұраштың Ақтөбеде туысқандары жоқ. Сондықтан, студент бірден жатақханаға орналасты. Ал, Әйтеке би ауданының тұрғыны Айдана жақындарының үйінен гөрі жатақханада жатуды ыңғайлы көрген. Жастар тамыздың 25-нен бері киім-кешектерін әкеліп, бөлмелеріне орналасып жатыр. Маресьев көшесіндегі бұл жатақхана 620 студентке есептелген. Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі студенттер үйінде 515 орын бар. Университеттегі 13 мыңнан астам студент үшін бұл аз. Сондықтан, оқу орнында 300 орындық тағы бір жатақхана салу жоспарланып отыр. Құрылыстың жобасы дайын. Мемлекеттік сараптама нәтижесі күтілуде. Әзірге студенттер оқу орнының ескі екі жатақханасын паналай тұрады. Жатақхананың тұрмысына көңілі толмағандар, не ондағы тәртіптен қашқандар немесе орын ала алмағандар бұл соманы ай сайын жалдамалы пәтердің қожайындарына екі -үш есе артығымен төлеуге мәжбүр. Студенттердің қалаға ағылатын шағында Ақтөбеде жалға берілетін үйдің құны қымбаттайды. Қазір бір бөлмелі пәтерді жалдау кем дегенде 50 мың теңге. |
Количество показов: 2120
Дата создания: 05.09.2013 19:28:11