Ақ халаттылар тұрғындарды шылым шегуден бас тартуға үндейді
Шылым шегу- әлемдегі ең үлкен зиянды әдеттердің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жер бетінде әр төртінші еркек пен әр жиырмасыншы әйел никотинге тәуелді. Өкінішке қарай, темекінің бағасын көтеру, өнімді жарнамалауға тыйым салу, қоғамдық орындарда шылым шегуді шектеу - әзірге оң нәтиже бермей тұр,-дейді мамандар.Шара барысында дәрігерлер темекенің зиянын түсіндірді, ақпараттық хабарламалар таратты. Адам өміріне алып келетін қаупі зор, түрлі жаман аурулардың бастамасы. Сондықтан да ақ халаттылар мұндай акцияларды жиі ұйымдастырып, өсіп келе жатқан жас буынға шылымның кері әсерін айта беруіміз қажет деп санайды.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде 5 миллион адам темекі салдарынан көз жұмады. Әйтсе де, темекіге тәуелділер саны артпаса, әзірге азаймай отыр.
Количество показов: 350
Дата создания: 31.05.2024 06:23:01