9 шілде күні қасиетті Рамазан айы басталады
Мұсылман қауымы үшін 9-шілдеде Рамазан айы басталады. Бүгін облыстық "Нұр ғасыр" мешітінде осыған орай баспасөз мәслихаты өтті. Облыстың бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков ораза тұту тәртібімен таныстырды. Мұсылман үшін 5 парыздың бірі болып саналатын ораза тұту биыл 30 күнге созылмақ. Рамазан айы кірер алдында 8-і шілде күні барлық мешіттерде Тарауық намазы оқылады. Қандай да бір себептермен ораза тұта алмайтын адамдар мешіттерге 500 теңгеден садақа салғаны абзал. Не болмаса 30 кісіге ауыз ашар жасаса, я болмаса ораза жалғасатын 30 күн ауыз ашар жасап, үйінде жамағатты жинаса да сауап. Пітір садақа осы бастан төлене береді. Биыл ел бойынша адам басына 150 теңге деп бекітілген. |
Количество показов: 2454
Дата создания: 05.07.2013 19:07:31