70 келі қарбыз саудадан алынды
Қарбызды сатып алмас бұрын, зертхананың сараптама құжатын сұраған жөн. Санитар-эпидемологтар тұрғындарға осыны ескертеді. Жуырда жүргізілген арнайы тексерулер кезінде, бау-бақша өнімдерінен алынған сынамалардың бірі талапқа сай болмай шықты. Қазір қарбыз бен қауын-қолжетімді. Көтерме базарлардан бөлек, көшеден де сатып алуға болады. Алайда, санитар мамандар абай болуды ескертеді. Сатушыдан зертханалық сараптама актісінің болуын талап ету қажет. Әйтпесе, құрамында нитрат қалдығы бар қарбыздың ағзаға тигізетін зияны бар. Ол қан арқылы ағзаға оттегі жеткізу жұмысын әлсіретеді. Санитар мамандардың айтуынша, жаз маусымы басталғалы бау-бақша өнімдерінен улану дерегі тіркелмеген. Тек өткен аптада жедел ішек инфекциясына шалдыққан екі жағдай анықталған. Біздің өңірімізге бау-бақша өнімдері оңтүстік облыстардан әкелінеді. Санитар мамандар қауын-қарбыздардан сынама алып, тексеріп отырады. Тексеру нәтижесінде талапқа сай келмеген 70 келі қарбыз сатылымнан алынып тасталған. |
Количество показов: 2051
Дата создания: 16.07.2013 17:53:48