Балаңызды қараусыз қалдырмаңыз! Қалада ата-аналардың салғырттығы салдарынан балалардың жапа шегу жағдайы көбейді. Осындай оқыс оқиғалардың бірі кеше Батыс- 2 ауданындағы көпқабатты үйде тіркелді. 7 жастағы бала 5-ші қабаттан құлап кеткен. Полиция қызметкерлері жеткіншек үйде жалғыз болғанын айтады. Анасы баласының ұйқтап жатқанын пайдаланып дүкенге барып келмек болған. Алайда салғырттық салдарының соңы оқыс оқиғаға әкеліп соқты. Айта кетейік, бұл жыл басынан бері облыс бойынша тіркеліп отырған 4-ші оқиға. Мамандар ата-ана үшін баланың қауіпсіздігі бірінші орында болуы керек екенін айтады. Сондықтан пластик терезелеріндегі шыбын-шіркейден қорғайтын торларға сенбеуге кеңес береді. Ал тұрғындар бүлдіршіндерді жалғыз қалдырмаудың да маңызы зор дейді.
Бұдан бөлек, кеше полиция қызметкерлері Кереев көшесінен қараусыз жүрген 2-3 жасар қыз баланы анықтады. Бөлімшеге жеткізіп, 3 сағатқа жуық ата-анасын іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бүлдіршіннің анасы 30 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда жауапсыз ата-ананы есепке қою жұмыстары жүріп жатыр.
Количество показов: 622
Дата создания: 04.06.2021 19:54:42
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>