635 оқушыға көмек көрсетілді
Гүлнұр Құмарова жеті баланың анасы. "Алтын алқа" иегерінің бұл мектепте бес кішкентайы оқиды. Үлкені 6-шы сыныпта болса, кенжесі биыл 1-ші сыныпқа барған. Көпбалалы ана өткен айда әлеуметтік көмек арқылы компьютерге қол жеткізіпті. Бүгін балаларына тиесілі сөмкелерін алып тұр.
Аз қамтылған отбасы балаларына сөмкелер мектептің "Жалпыға бірдей білім беру" қоры қаржысына сатып алынған. 15 млн 875 мың теңгеге 635 сөмке мен осынша қысқы киімдер алынған. Қол сөмкелерінің іші толы мектеп құралдары. Дәптерден бастап, қалам, қарындаш, ермексаз, оқулықтарға арналған мұқабаларға дейін салынған. "Нұр Ақтөбе" ауданында осыдан бес жыл бұрын бой көтерген орта мектепте бүгінгі таңда 3 мыңға жуық бала білім алады. Оқушылардың 30 пайызы кезекші сыныптарға жазылған. Қалғандары қашықтан білім алуда.
Количество показов: 723
Дата создания: 06.10.2020 19:13:12