600 млн теңгеге қысқы азық-түлік қоры жасақталды
Аймақта былтыр бюджеттен 809 миллион теңге бөлініп, қарақұмық жармасы, күріш, қант, өсімдік майы, картоп, жуа мен сәбіз сатып алынды. Жергілікті әкімшілік тізімге қызылша, қырыққабат және сиыр етін қосты. Тауар тапшылығы туындаған кезде қоймаларда сақталған өнімдер шығарылып, халыққа қол жетімді бағамен сатылды. Үкімет тұрақтандыру қорын биыл да қаржыландырып отыр. Ел қазынасынан бөлінген 600 миллион теңгеге 2 мың тонна картоп, 200 тонна қырыққабат пен сонша сәбіз, 400 тонна пияз, 150 тонна сиыр еті сатып алынып жатыр. 200 тонна күріш, 50 тонна қарақұмық пен 300 тонна қант тұрақтандыру қорының қоймасына жеткізіледі. "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Балғали Ордабаевтың айтуынша, егер болжамдар орындалмай, өсімдік майы қымбаттап жатса, тұрақтандыру қорының штабы бағаны ауыздықтау шараларын қолға алады. Мамандар апта сайын базарларды аралап, 33 түрлі азық-түліктің бағасын бақылайтын болады. |
Количество показов: 2402
Дата создания: 11.09.2012 19:26:00