№51 гимназиясы жанынан ашылған "Балдәурен" лагерінде 104 бала демалып жатыр
№51 гимназияға қарасты "Балдәурен" жазғы лагерінде 104 бала бар. Олардың барлығы бастауыш сынып оқушылары. 11 - і мемлекет тарапынан қолдау тауып, тегін жазғы лагерьмен қамтамасыз етілсе, қалған 93 - і ақылы түрде демалып жатыр. Бағасы қолжетімді, күніне 2434 теңгеден. Ата - аналар тарапынан жазғы лагерьге деген сұраныс көп. Себебі, мында оқушылар мұғалімдердің қарауында болып, ыстық тағаммен қамтамасыз етіліп, түрлі жарыстарға қатысады. Яғни, уақыттарын тиімді, әрі қызықты өткізеді.Мансұр мен Нурислам бір үйдің балалары. Ағайындылар бастауыш сыныпта оқиды. Ата - аналары оларды жазғы лагерге жіберіп, балдарының демалыс уақытында да дамып, өскенін қалайды. Бүгін олар "Көңілді старт" спорттық жарысына қатысып, бақтарын сынады. Жазғы лагерь екі аптаға созылады. Яғни, 17 - ші маусымға дейін жалғасады. Айта кетейік, балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты мамандар іске қосылған. Олардың қатарында тәрбиешілер, медбикелер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бар. Әр топқа 3 тәрбиешіден бекітілген.Количество показов: 351
Дата создания: 07.06.2024 05:37:17