50 жастан ассаңыз күміс университетке келіңіз
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Күміс университет» жобасы ашылды. 50 жастан асқан ақтөбеліктер тегін курстан өтеді. 2021 жылы ашылған жобаға қатысуға биыл 170-ке жуық адам ниет білдірген. Ең үлкен қатысушы - 84 жаста. Ең жасы 50 де.Жобаға қатысушылардың бірі - Бақыт Магамедова. 75 жастағы зейнеткер ағылшын тілі, шахмат курстарына қатысады. Қызылорданың тумасы 37 жыл Хромтаудағы Дөң кен-байыту комбинатында жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Қазір қалада тұрады. "Күміс университет" жобасында 9 бағыт бойынша курстар бар. Қазақ, ағылшын тілдері, цифрлық сауаттылық, емдік дене тәрбиесі, шахмат, тігін, жүннен сәндік аксессуарлар дайындау, мәңгілік жас вальс, ресурстық қолдау және үйлесімділік курстары.Профессор-оқытушылар жоба қатысушыларына тегін білім береді. Бұл-университеттің әлеуметтік жобасы. Аға буын өкілдеріне арналған ерекше және бірегей жобаға 2021 жылдан бері 300-ге жуық адам қатысқан.Количество показов: 383
Дата создания: 08.02.2025 10:00:13