50 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді
Ақтөбе облысының кәсіпкерлері «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі бастаған «Жақсылық жаршысы» қайырымдылық марафонына белсенді қатысуда. Марафон коронавирустық инфекциямен күресіп жатқан медициналық ұйымдарға және мұқтаж азаматтарға көмектесуді көздейді. Бүгін кәсіпкерлер өздері ұсынған тауарлар мен өнімдерді Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында шоғырландырды. Әрі қарай еріктілердің көмегімен олар қиын жағдайға душар болған отбасыларға жеткізілді. Жергілікті өнім өндірушілер 50 азық-түлік қораптары мен санитарлық қорғау құралдарынан, антисептиктерден, дәрі-дәрмектерден тұратын жиынтықтарды жинауға көмек көрсетті. Өз кезегінде облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова науқанды қолдап, мұқтаж отандастарымызға көмек қолын созған ақтөбелік кәсіпкерлерге шын жүректен алғысын білдірді.Гүлнар Сафиянова үш баланың анасы. Бүгінде әлемді жайлаған ауыр індет оның жолдасын алды. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана қиын- қыстау кезеңде қолдау білдірген жандарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді. #Жақсылықжаршысы марафоны еліміздің басқа да аймақтарында өткізілуде. Ол биыл 21 шілде күні «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен бастау алған болатын. Ақтөбе облысы эстафетаны Қызылорда облысынан қабылдап алды. Одан әрі кезек Алматы облысына беріледі. #ЖақсылықЖаршысы акциясына кез келген ниетті адам қатыса алады. Ақшалай негізде, өнім немесе қызмет ұсыну, мүмкін жеңілдіктер немесе ерікті ретінде көмек көрсете аласыз.
Количество показов: 843
Дата создания: 10.08.2020 19:27:19