Маусым айының үшінші жексенбісі елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтеді. Бүгін ақ халаттыларды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтап, пәтер кілттерін табыс етіп , бағалы сыйлықтармен марапаттады. Емдеу мекемелеріне жедел жәрдем көліктері берілді.
Облыс тұрғындарының денсаулық жағдайы түзеліп келеді. Өлім-жітім азайып, туу көбейген. Тұрғындардың денсаулығының көрсеткіші бойынша- өзге өңірлермен салыстырғанда Ақтөбе алдыңғы орында тұр дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Самат Данияров. Жыл санап заманауи техникамен жабдықталған медициналық орталықтар, емханалар бой көтеруде. Қазір облыстық клиника мен 12 шағын ауданда тағы бір емхананың құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде облыста медицина саласында 30 мыңнан астам ақ халатты тер төгіп жүр. Оның 6 мыңы-дәрігерлер. Дегенмен, шалғайдағы ауылдар дәрігерлерден таршылық көріп отырғандығы жиі айтылып жүр. Осы мәселені шешу үшін облыстық қазынадан 60 млн теңге бөлінді. Ол қаражат жас мамандарды ауылға тартуға, оларға жағдай жасауға жұмсалмақ. Үш жыл және одан да ұзақ мерзімге ауылға дәрігер болып барған жас мамандарға 2 млн теңге көлемінде көтерме ақы төленеді. Бүгінде шалғайдағы аудандардағы емдеу мекемесінде 105 дәрігер тапшы.
Тұңғыш президент атындағы саябақта өткен салтанатты жиында 5 медицина қызметкері облыс әкімінің қолынан баспана кілтін алды. Олардың барлығы- ұзақ уақыт бойы пәтер кезегінде тұрғандар. 12 үздік медицина ұйымына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қалалық жедел жәрдем бекеті мен аудандағы ауруханаларға жедел жәрдем көліктері сыйға тартылды. Санитарлық көліктерге 86 млн теңге жұмсалған.
«Тәулік» бағдарламасының толық нұсқасын мына сілтемеден қараңыз
Количество показов: 2251
Дата создания: 14.06.2013 19:35:22
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>