4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздері күні
Бүгін еліміздің рәміздері күні. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған заңдармен тұңғыш рет тәуелсіз еліміздің Туы, Елтаңбасы бекітілді, ал 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік Әнұранымыз туралы заңға қол қойылды. Атаулы дата қаламызда да назардан тыс қалған жоқ. Жастар флешмоб өткізді. ҚР Президенті Н.Назарбаев 1996 жылы 24 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойылды. Президенттің 2004 жылдың 4 маусымындағы Жарлығына сәйкес, республикамызда 4-маусым «Мемлекеттік рәміздер күні» ретінде аталып өтіліп келеді. Ту, Елтаңба, Әнұран - бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Рәміздердің авторларына келсек, көк байрағымыздың идеясы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбековке тиесілі. Елтаңбаның авторлары- белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтар. Егемен Қазақстанның әнұраны екі мәрте жаңарды. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы - композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі - Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі. Еліміздің мемлекеттік рәміздер күніне орай Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион маңына жиналған жастар флешмоб өткізді. Патроиоттық әндер шырқалды. Мерекелік концерттен соң, алаңға жиналған 400-ге тарта студент топтасып көк байрақтың бейнесін салып, "Қазақстанды сүйемін" секілді жазуды жазды. |
Количество показов: 4899
Дата создания: 04.06.2013 18:37:15