39-бекетке көгілдір отын берілді
Тәуелсіздік күні қарсаңында қала шетіндегі №39- шы бекет тұрғындары көгілдір отынның игілігін көру мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл елді мекенге газ жүргізу жұмыстары үстіміздегі жылдың мамыр айында басталған. Осы жұмыстарға жергілікті бюджеттен 10 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, техникалық талапқа сай үйге жоба жасалып, жылу құбырын дәнекерлеу, газ есептеуіш қондырғысын орнату үшін 100 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Ол үшін мүлік құжаттары сақадай-сай, бәрі заңдастырылуы қажет. Сол кезде мердігер мен үй иесінің арасында келісім-шарт жасалады, қызмет көрсетіледі. Газ желісін жүргізген мердігер компания өкілінің айтуынша аталған ауылға көгілдір отын жеткізу жұмыстары жақында ғана басталып, мерзімінен бұрын аяқталған. Көгілдір отынға қол жеткізген ауыл енді сусап отыр. Қала іргесінде орын тепкен бұл елді мекенге әлі күнге дейін су жүйесі жүргізілмепті. Оның үстіне көлік қатынасы мәселесінде де біршама қиындықтар бар. Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында Благодар селолық округына қарасты, Белогор ауылының тұрғындары да үлкен қуанышқа бөленді. Аталмыш ауылға арналып жүргізілген су жүйесі бүгін аяқталып, салтанатты түрде іске қосылды. Жалпы ұзындығы 1,7 шақырымнан астам, құны 38 млн. теңгені құрайтын құбыр желісін "Регион-Сервис Актобе" ЖШС жүргізген. |
Количество показов: 2202
Дата создания: 13.12.2012 20:04:56