37 жастағы қожайын пәтерін жарып жіберді
Сенбі күні түнде Әбілқайыр хан даңғылындағы №65 -ші "Б" үйде жойқын жарылыс болды. Абырой болғанда, тұрғындар дін-аман. Апатты жасаған - сол үйдің 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір ол - облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Жарылыс сенбі күні түнгі он бірлер шамасында болған. Аталған үйдің 73-ші пәтерінде тұратын азамат үйіндегі көгілдір отынды ашып, тұтандырған. Көршілерінің айтуынша, жалғызбасты азамат осылайша өз-өзіне қол салмақшы болған. Василий креслоға жайғасып, жайбарақат теледидар көріп отырған едім деп есіне алады сол күнді. Бір кезде гүрс еткен дауыс шығады да, үйдің ішін қою қара түтін басады. Зәре-құты қашып, балконға қарай жүгіреді. Василий де, Салтанат апа да бесінші қабатта тұрады. Жарылысты жасаған 73-ші пәтердегі құдайы көршілерімен етене-жақын араласпаса да, еш жамандыққа қимайды. Алайда, ішімдікке жақын болғандығын жоққа шығармайды. Пәтердің жарылыстан кейінгі кейпі-осындай. Астаң-кестең. Тұрмыстық техника өртенген, қабырғаларды ыс басқан. Жарылыстың жойқын болғандығы сонша, терезенің әйнектері сынып, темір есікті жұлып кеткен. Қарсы пәтердің тұрғыны Салтанат апа менің отбасымды аман сақтап қалған-темір есік дейді. Бүгін оқиға орнына келген газ қызметкерлері апат болған пәтерді көгілдір отыннан ажыратты. Отпен ойнауға болмайтынын тұрғындарға тағы да ескертті. Денесін үшінші дәрежелі күйік шалған пәтер иесі қазір облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Сол сәтте жігіттің мас болғандығы анықталды. Қазір жарылыстан келген шығындар есептеліп жатыр. |
Количество показов: 1985
Дата создания: 10.06.2013 19:04:16