37 млн теңгеден астам қаражатты ысырап қылған қаржылық пирамида жетекшісі сотталды.
"Qnet" қаржы пирамидасы жетекшілерінің бірінің ісіне қатысты тергеу шаралары басталғанына да біраз уақыт болды. Сооталушы әйел 2019-2022 жылдар аралығында қаржы пираммидасының бірнеше бөлімшесін ашып, еркін жұмыс істегенге ұқсайды. "Qnet" халықаралық компаниясының өкілдіктері тұрғындардан миллиондап ақша жинаумен айналысқан. Әдеттегі қаржы пирамидаларының әрекетіне сай бұл компания да алғашқы болып қаражат салғандарға уәде еткен үстеме ақыларын төлеп келген. Осылайша қаржы пирамидасына тіркелушілер саны көбейе бастайды. Ақырында алданғандарын білген 25 адам қаржы пирмамидасы өкілдерінің ісіне қатысты құзырлы орындарға арыз жазған. Шығын көлемі 37 млн теңгеден асады. Осылайша тергеу айғақтарына сай күдікті кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Барлық салымшылар қорынан тәркіленген 286 млн теңге мемлекет падасына өндіріліп алынды.Количество показов: 431
Дата создания: 19.01.2024 01:10:27