312-ші атқыштар дивизиясының ерлігі туралы кітап жарық көрді
Музейде аталмыш кітаппен танысқан жиналғандар оң пікірлерін білдірді. Туындыда 312-ші атқыштар дивизиясының тарихы тың баяндалған. Мәскеу маңындағы фашистік басқыншылармен болған екі апталық шайқас дәл суреттелген. Бұл жарты айда жеке құрамның 90 пайызы қырылып қалған болатын. Бірақ дивизияның сарбаздары өздеріне қойылған талапты орындап, Мәскеуге қарай жылжыған жауды тоқтата алды. Ақтөбе жерінде құрылған 312-ші атқыштар дивизиясы құрамына 11 мыңға жуық сарбаз алынған. Оның 60 пайызын ақтөбелік жас құраған. Маңғыстау, Қызылорда өңірінен де жас жігіттер алынған. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң ғана туған жерге дивизия құрамынан 1300 адам оралған. Қазір 312-ші атқыштар дивизиясына арналған музей №2 орта мектебінде жасақталған.
Количество показов: 810
Дата создания: 22.01.2021 19:59:43