Әйгілі 312 атқыштар дивизиясының құрылғанына биыл 80 жыл. Дивизия құрамындағы 11 000 сарбаз Қарғалы мен Елек өзені қиылысында әскери жаттығу өткізген. Бүгін сол жерде Ұлы отан соғысы жауынгерлеріне арналған стелла ашылды. Оны "Әлия" іздестіру тобы мен ауған соғысы ардагерлері берлесе орнатқан. 312 атқыштар дивизиясы 1941 жылы Ақтөбе қаласында шілде-тамыз айларында жасақталды. Дивизия құрамына Ақтөбе, Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 11 000 адам тартылды. Оның 6654-і ақтөбелік. 1941- жылы 312- атқыштар дивизиясының сарбаздары неміс-фашист әскерлерінің Мәскеуге жасаған шабуылына тойтарыс берді. Қазір өңірде Ауған соғысына қатысқан 900-ден астам ардагер арамызда. Облыстық "Ауған соғысы ардагерлері ассоциациясы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев жауынгерлердің ерлігі ұмытылмайды, дейді.
Айта кету керек, бұл маңға яғни Қарғалы мен Елек өзені қиылысында осыдан 36 жыл бұрын батырлар атына белгі қойылды. Алайда белгісіз себептермен алынып тасталған. Бастама көтерушілер стелла маңы алаңға айналса деген тілегін жеткізді. Бұл Ұлы Отан соғысында жан алысқан жауынгерлер ерлігін ертеңге жеткізу үшін жасалып жатқан игі іс.
Количество показов: 757
Дата создания: 17.08.2021 19:02:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>