30 бала емделу үшін "Ақсай" ауруханасына жолдама алды
Алматыдағы "Ақсай" республикалық балалар ауруханасының бір топ дәрігері іс-сапармен біздің қалада жүр. Ақ халаттылар бұған дейін Мұғалжар, Хромтау аудандарын аралап, ондағы балалардың денсаулығын тексерген. Жақ-бет сүйек хирургы, аллерголог, уролог және невролог-мамандар бүгін Әуе қалашығы ауданындағы кеңес беру-диагностикалық орталығында қабылдау жүргізді. Ауруы асқынған 30 шақты балаға "Ақсай" ауруханасында емделу үшін жолдама берілді. Әуе қалашығы ауданындағы кеңес беру - диагностикалық орталығында 6 мың бала тіркеуде тұр, оның алтауы - бронхты демікпе диагнозымен диспансерлік есепке қойылған. Екі сағаттың ішінде аллерголог демікпесі асқынған 4 баланы "Ақсай" клиникасына бағыттады. Демікпеден бөлек жеткіншектерден ортопедиялық дерматит, аллергиялық ренит және маусымдық кесел - поллиноз секілді дерттер анықталған. Жарасы жеңілдеріне маман кеңес беріп, ата-аналарға баланың тамағына мұқият болуды ескертті. Ақ халаттылар бұған дейін Мұғалжар, Хромтау аудандарын аралап, ондағы 200-ден аса баланың денсаулығын тексерген. Жақ-бет сүйек хирургы, аллерголог, уролог және невролог-мамандар облыстық балалар ауруханасында болып, науқастардың жағдайын білді. Клиникада емделуге мүмкіндік алған балалар порталға тіркеліп, кезегі келгенде Алматыға жол тартады. |
Количество показов: 2654
Дата создания: 17.05.2013 18:02:01