3 лаңкеске қатысты сот отырысы басталды
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында лаңкестерге қатысты істі қарау басталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлнұр Симатова хабарлайды. Сотталушылар - 28, 24 және 19 жастағы үш жігіт. Олар лаңкестікті насихаттады, лаңкестік топтың қызметіне атсалысты, жарылғыш заттарды заңсыз алып, сақтады, тасымалдады және ұрлады немесе бопсалады, сонымен қатар қаруды заңсыз жасады деп айыпталып жатыр. Оларды үш адвокат қорғауда. Сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр.
Количество показов: 2431
Дата создания: 12.09.2012 19:48:14