25 жастағы алаяқ бойжеткен ұсталды
Қалада бес такси жүргізушісі алаяқтың құрбаны болды. Оларды 25 жастағы, нашақор ретінде есепке алынған қыз алдаған. Облыстық ішкі істер департаментінің дерегіне сәйкес, 9 мамырда алаяқтың үстінен 35 жасар жеке тасымалдаумен айналысатын ер азамат шағымданған. Оның айтуынша, ол бойжеткенді қалада бірнеше сағат аралатқан. Кейін жолаушы қыз дәріхананың қасына тоқтауын сұрап, жүргізушіден баласына дәрі алу үшін 2 мың теңге қарыз алған. Дәріханаға кіріп, басқа есіктен шығып кеткен. Полицияға осындай алаяқтық оқиғаның құрбаны болған тағы төрт адам шағым түсірген. Күдікті құрықталып, үстінен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 20 млн теңгеге тұрғындарды тақырға отырғызған тағы бір әйелдің үстінен қазір қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кішкентай баласы болғандықтан ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді. |
Количество показов: 1910
Дата создания: 13.05.2013 18:56:32