22 жастағы жүргізуші көлігімен бірге суға кетті
Шомылу маусымы басталмай жатып тілсіз жаудың құрбанына айналғандар бар. Өткен түнде қайғылы жағдай Қарғалы селолық округіне қарасты Краснополье ауылында болды. Өз туған күнінде өмірімен қоштасқан 22 жастағы ауыл тұрғынының өліміне ішімдік себеп болған. Ол су астына темір тұлпарымен бірге батып кеткен. 22 жастағы азамат жаңадан сатып алған көлігімен бірге суға кетіп, ажал құшты. Қайғылы жағдай кеше түнгі екілер шамасында болған. Қарғалы селолық округіне қарасты Краснополье ауылының тұрғыны туған күнін әрі темір тұлпарына қол жеткізгенін достарымен бірге атап өткен. Ішімдікке сылқия тойып алып, балық аулау үшін өзен жағасына барған. Елек өзеніндегі қауіпті екі аумақта суға түспек болған төрт адам дер кезінде құтқарылды. Мамырдың 9-11 - де қала тұрғындары табиғат аясына демалуға шыққан. Облыстық ТЖ департаментіне қарасты "Судан құтқару қызметі" ММ сарапшы - құтқарушысы Оксана Кичигинаның айтуынша, бұл төртеу де масаң күйде суға шомылмақ болған. |
Количество показов: 2059
Дата создания: 13.05.2013 18:57:04