22 тонна ұрланған мұнай тиелген көлік ұсталды
Өткен демалыс күні ақтөбелік полицейлер бірнеше қылмыстың бетін ашты. Соның бірі мұнай ұрлығына қатысты. 14 шілде күні таңғы сағат бестер шамасында Темір аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі және техникалық құжаттары жоқ "Урал" маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлікті тінту барысында 22 тонна өңделмеген мұнай өнімі анықталды. Көлікті басқарған Ембі қаласының 22 жастағы тұрғыны. Қазір жүргізушіні полиция қызметкерлерлері жан-жақты тексеруде. Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Мұнай тиелген көлік қамауға алынып, қара алтынды сатқан азаматты табуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. |
Количество показов: 2108
Дата создания: 15.07.2013 18:37:37