№22 бағытта үлкен сыйымдылықтағы автобустар қатынайды
№22-бағыттағы автобустарда жүру ақысы ертеңнен бастап арзандайды. Оған қоса жолаушылар су жаңа қоғамдық көліктермен қатынайтын болды.
Бұл автобустар ертең жолға шығады. №22-ші бағытта қатынайды. Барлығы 20 автобус. Бұл №22-ші бағытта жолаушы тасып жүрген орташа сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерді толық ауыстырады. Үлкен сыйымдылықтағы автобус Қытайда шығарылған. Сыйымдылығы 110 жолаушы. Оның ішінде 32-не отыратын орындықтар бар. Бұрын жолаушылар орташа сыйымдылықтағы автобусқа 55 теңге төлеп мінетін болса, бұл автобуста жүру ақысы 45 теңге болады. Бүгінде "Автопарк" ЖШС қала бойынша 30 бағытта жолаушылар тасымалымен айналысады. Автобустар паркін жаңарту жыл сайын кезең-кезеңімен жүзеге асады.
|
Количество показов: 2053
Дата создания: 16.08.2013 18:04:33