21- мамырда еліміздегі мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай биыл 12 адамға "Мәдениет үздігі" төсбелгісі табысталады. Олардың қатарында әншілер де, дизайнерлер мен телеоператорлар да бар. Қалада мәдениет пен өнер саласында 300 ден астам қызметкер жұмыс істейді. Облыс орталығында 7 мәдениет үйі мен 14 кітапхана бар.Қаланың 155 жылдығына орай өткізілетін негізгі мәдение шаралар мамыр айының басында басталған болатын. Бұл шараға қаладағы барлық мәдени ошақтар жұмылдырылды. Ертең қалалық мәдениет үйі алаңында "Биле Ақтөбе" би фестивалі өтеді.
Бейсенбі күні қаладағы Триатлон саябағында ерекше кітап көрмесі ұйымдастырады. Бейсенбіде тағы да Астана саябағында поэзия кеші өтеді. Ал, жұмада Геолог мәднеиет үйінде жыршылар байқауы, жексенбі күні этно фестиваль жоспарланып отыр. Бұл шараларды қортындылайтын форум "Ақтөбе тарихы" деп аталады. Форум 28-ші мамырға жоспарланған.
Количество показов: 478
Дата создания: 22.05.2024 07:29:35