21 адамды алдаған алаяқ әйелдің соты басталды
Бірнеше адамға арзан пәтер алып беремін деп алдап соққан алаяқтың ісі бойынша сот отырысы басталды. Бақандай 21 жәбірленушінің миллиондаған қаржысын жымқырған әйел еш жерде жұмыс жасамайды. 34 жастағы Гүлмира Мұқанова 2008 жылдан бері 150 млн теңгені өз пайдасына оңды-солды жұмсап үлгерген де. № 2 қалалық сотта қаралып жатқан ірі алаяқтық істің материалы бойынша, ол өзіне келушілерді банктерде таныстарым бар, солар арқылы кепілде тұрған пәтерлер мен шетелдік қымбат көліктерді төмен бағамен алып берем деп сенімдеріне кіріп қолма-қол ақшаларын алып отырған. Алаяқ ақшамен қатар жер учаскелерін де алып, тумаларының атына жазып қойған. Сот отырысы жалғасуда. |
Количество показов: 2164
Дата создания: 02.09.2013 18:51:06